Өндіріс

«ЛеКос» ЖШС – фармацевтикалық өнімді өндіру үшін қазақстандық компания 1998 жылы құрылған.
Компания қызметінің негізгі бағыттары ретінде көз, назальды, құлақ тамшыларын және спрейлерін шығару, антисептиктерді (йод және гауһар жасыл) сақтау және жағу үшін өзіндік құрылғыларды, фармпрепараттарды сақтаудың және қолданудың жаңа формаларын жасау және құрау деп анықтады.

1999 жылы компания Тауфон® 4%, Тиммал® -0,25% және 0,5%, Дексаметазон көз тамшыларын тіркеді. Әр жыл сайын компания тұтынушылардың және толық нарықтың қалаулары мен талаптарына сәйкес шығаратын сұрыпталымдарды кеңейтіп жүрді және кеңейтуді жалғастырып жатыр.
2000 жылы компания Неомицин-опти® 0,5%, Левомицетин-опти® 0,25% және 0,5% көз тамшыларын, Неодекс® көзге, мұрынға және құлаққа арналған тамшыларды, Аллергонаф® көз бен мұрынға арналған тамшылар, Ринозол® балаларға арналған және Ринозол-форте®(ересектерге арналған) мұрынға арналған тамшыларды тіркеді.
2001 жылы Отипол® құлаққа арналған тамшылар тіркелді.
2002 жылы Дексатрол®, Визор®, Лакрима® көз тамшылары тіркелді, және Тауфон®, Дексаметазон, Тиммал® -0,25% және 0,5% тамшылары қайта тіркелді.
2003 жылы Неодекс®, Неомицин-опти® тамшылары қайта тіркелді.
2004 жылы Левомицетин-опти® 0,25% және 0,5%, Аллергонаф®, Ринозол® және Ринозол-форте® тамшылары қайта тіркелді және Биомаркер®Jи Биомаркер®B – йодтың және гауһар жасылдың спирттік ерітіндісін сақтау мен жағуға арналған құрылғысы тіркелді.
2006 жылы тіркелген спрейлер: Оксиназин® 0,05% (ересектерге арналған),Оксиназин® 0,25% (балаларға арналған) және Оксиназин® 0,01% (нәрестелерге арналған), Аллергостоп® 2%, 4% тамшылары және спрейі.
2009 жылы Аллеркогет® көзге арналған тамшылар тіркелді және Биомаркер® J және Биомаркер® B қайта тіркеуден өтті.
Компанияның жұмысының басты критерийі дүниежүзілік стандарттар және қол жетімді баға бойынша жоғарғы сапалы фармацевтикалық өнімді шығару болып табылады.
Компанияның баға саясаты шығарылатын препараттардың тұрғындардың барлық сатыларына, зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларды қоса алғанда қол жетімділігі болып табылады. Осыған байланысты компанияның басшылығы дағдарыс кезінде және жаппай баға көтерілгенде өз өніміне бағаның өсуін ұстап қалу туралы шешім қабылдады, яғни компания шығаратын препараттардың бағасы көтерілмеді, ал кейбір препараттардың бағасы тіпті төмендетілді.

«ЛеКос» ЖШС тамшылар мен спрейлерді өндіру үшін келесілерді пайдаланады:

  • Италия мен Германия шығарған жабдықты,
  • Швейцария мен Германия шығарған субстанцияларды,
  • FDA USA талаптарына жауап беретін ЛОГ ПЛАСТИК ПРОДАКТС (Израиль) шығарған ыдыстарды.

  • «ЛеКос» компаниясының жетекші дәріші-технологы — фармацевтикалық өнімді

    шығаруда көп жылдық тәжірибесі бар Израильден келген маман.
    Компания шығаратын барлық препараттар әлемнің жетекші фармакоптарының талаптарына жауап береді және соңғы тұтынушылардан тек оң пікірлер алды.
    Біздің тұтынушылар Тауфон®, Аллергонаф®, Визор® және басқалары сияқты кең танылған компанияның препараттарының жоғарғы емдік қасиеттері мен сапасын құнына қарай бағалағаны тегін емес.
    2005 жылы «ЛеКос» ЖШС, ҚР фармөндірушілерінің алғашқысы болып ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке қайта сертификациядан өтті. Ал 2008 жылы компания ISO 9001:2008 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке қайта сертификациядан өтті. Компания өндіретін өнімінің және компанияның ішіндегі менеджмент сапасын үнемі сақтауға және арттыруға тырысатындығы туралы айту керек емес деп ойлаймыз.
    Бұдан басқа, «ЛеКос» компаниясы жүргізген жұмысының жоғарғы сапасын растайтын көптеген дипломдармен және сертификаттармен марапатталған. Осылайша, 2008 жылы «ЛеКос» ЖШС-ны «Ынтымақтастықты бекіткені үшін» құрмет орденімен марапатталды, бұл компания үшін өте бағалы сыйлық болып табылады.
    12 жыл бойы «ЛеКос» ЖШС негізгі жетістіктері халықтың мойындауын және ҚР фармацевтикалық нарығында компанияның тек оң іскерлік беделді жаулап алу және шығаратын өнімнің бәсекеге сәйкестігі болып табылады, бұл компанияның өсуіне мүмкіндік береді.
    Қазіргі уақытта «ЛеКос» ЖШС GMP (goodmanufacturedpractice) халықаралық стандартты компанияның өндірісіне енгізуге белсенді дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. GMP өнімді шығарушы кәсіпорындар сәйкес келуі керек көрсеткіштердің жеткілікті мөлшердегі кең қатарын қосады. Фармацевтикалық кәсіпорындарға арналған GMP өндірістік үй-жайлардағы едендер жасалған материалдан және ауаның кубометріндегі микроорганизмдердің санынан бастап қызметкерлердің киіміне және өнімнің тоғанағына жабыстырылатын таңбалауға дейін — әрбір өндірістік кезеңнің параметрлерін анықтайды. Компанияның GMP халықаралық стандартын енгізуі компанияға фармпрепараттардың сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді Бұл қазақстандық тұтынушыларға жергілікті өндірілген препараттарды алуға мүмкіндік береді, ал олардың сапасы фармөндірістің дүниежүзілік стандарттарына сәйкес келеді.