Құрметті достар, әріптестер, сатып алушылар!

«ЛеКос» ЖШС – қазақстандық фармацевтикалық өнім шығарушы GMP (тиісті өндірістік тәжірибе) халықаралық стандарт сәйкестігіне сертификаттаудан сәтті өткенін және GMP сертифкатын алғанын мақтанышпен хабарлайды.
GMP шарттарында өндіру дәрілік заттардың тұтынушылары – Қазақстан азаматтары қауіпсіз, сапалы дәрі-дәрмек алатынын білдіреді. «ЛеКос» ЖШС – өндіруші ретінде жасалған дәрілік заттардың осы өнім сапасына қойылатын барлық талаптарға сай келетініне жауап береді және кепілдік береді.
«ЛеКос» ЖШС-нің құрылған күннен бастап негізгі мақсаты қазақстандық тұтынушылар үшін әлемдік стандарт бойынша жоғары сапалы дәрілік заттар өндіру болып табылады. Компанияның мақсатын компанияның ұранынан көрініп тұр. Қазақстанда әлемдік стандарт бойынша қазақстандықтар үшін жасалған! Осы мақсатқа жету үшін біраз дүние жасадық. Алдағы уақытта да өндірілетін дәрілік заттың сапасын жақсартуға жұмыс жасаймыз.

сертификат1 сертификат2

1 2 3

Құрметпен, «ЛеКос» ЖШС